Өскеменде биыл «Халық қатысатын Бюджет» бағдарламасы аясында 40 аула абаттандырылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Атап айтқанда, 16 аулада кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 16 жаңа ойын алаңы мен 9 спорт алаңы жабдықталады.
Қазір 30 учаскеде жұмыс қызып жатыр. Шағын архитектуралық нысандардың 7 жиынтығы орнатылды. Сондай-ақ 8 футбол алаңының негізі дайындалды.
Кешенді абаттандыру аясында аулаішілік жолдар жөнделіп, көлік тұрақтары кеңейтіледі. Сонымен қатар жаңа автотұрақтар салынады.