Өскемен әкімі балалардың тілегін орындайтын болды. Есенберлин даңғылындағы үйлердің ауласына шағын футбол алаңы салынады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
Қала басшысы Алмат Ақышов жұмыс сапарымен 19-шы шағын ауданға барып, Қазыбек би және Есенберлин даңғылдарындағы тұрғын үйлер ауласының жай-күйін көрген.
Қала әкімі шағын архитектуралық формалардың, көлденең жолақтардың, әткеншектердің жағдайын тексерді. Бұл нысандарды жақын арада жаңарту туралы шешім қабылданды.
Жұмыс сапары кезінде әкім аулада ойнап жүрген балалар әңгімелесіп, өзінің балалық шағы мен футболға деген құштарлығы жөнінде айтқан еді. Ал балалар қала басшысына шағын футбол алаңы салынса деген тілегін жеткізді.
Жабық, әрі қауіпсіз ойын алаңын салу және оны барлық санаттағы азаматтарға қолжетімді ету мәселелері аббаттандыру кезінде қарастырылатын болды.
Айта кетейік, қалада "Халық қатысатын бюджет" жобасы сәтті іске асып келеді.