Жаңалықтар

Шығысқазақстандық дәрігер ұшақта үш жолаушыға медициналық көмек көрсетті

18 қазанда Алматы – Астана бағытындағы рейс кезінде бір мезетте денсаулығы сыр берген үш жолаушыға Шығыс Қазақстан облысының білікті дәрігері Рая Рахимова медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды  Bizdiң Өskemen. 

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жолаушылардың бірінің қан қысымы көтерілген. Жақында бүйрек трансплантациясын жасатқан қыздың басы ауырып, аяқтары ісінген. Ал тағы бір әйелдің қан қысымы төмендеп, әлсіреген.

Рая Рахимова жолаушыларды тексеріп, біраз уақытқа дейін олардың жағдайын бақылаған. Әсіресе балаға ерекше көңіл бөліп, медициналық құжаттарын қарап, психологиялық қолдау көрсеткен. Астана қаласына қонғанға дейін үш жолаушының да жағдайы жақсарған.

Рая Рахимованың айтуынша, бұл оның ұшақта жолаушыларға алғаш рет көмек көрсетуі емес.

Бүгінде Рая Жанғалиқызы Өскемендегі «Вита-1» емханасының бас дәрігері болып жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button