Жаңалықтар
Құлынжон ауылы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды

Самар ауданындағы Құлынжон ауылы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бүгінде жеке тұрғын үйлер мен бизнес нысандарын қоса алғанда, шамамен 45 абонент сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді.
Жылыту маусымы басталғанға дейін бірінші кезекте әлеуметтік сала нысандары ауызсу жүйесіне қосылды.
Жыл соңына дейін ауыл тұрғындарын орталықтандырылған ауызсумен барынша толық қамту жоспарланып отыр.



