Жаңалықтар
Өскеменде жәрмеңке өтеді
24 қазан күні Өскеменде «Дала дәмі» жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
24 қазанда сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.
Жәрмеңке өтетін орындар:
«Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында (Жібек жолы көшесі, 44)
«Дос-Нар» СY (Виноградов көшесі, 17а).
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде кең көлемде келесі өнімдер ұсынылады: ет, (сиыр, жылқы, қой, шошқа еті), табиғи бал және фермерлік сүт өнімдері, нан және шұжық өнімдері, көкөністер және т.б.



