Жаңалықтар
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
Республика күніне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар 26 қазан күні жұмыс істемейді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. ХҚКО-лар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-лардың жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталатынын ескерген жөн.
– 27 қазаннан бастап ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді, – делінген хабарламада.



