Жаңалықтар

ШҚО-да қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды

Күршім ауданында қар құрсауында қалған энергетикалық компанияның жеті қызметкері эвакуацияланды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Күршім ауданы Құйған ауылдық округіне қарасты Татарка учаскесінде электр желілерінде жұмыс істеп жүрген энергетикалық компанияның жеті қызметкері екі автокөлікпен қар құрсауында қалып қойған.

– Оқиға орнына жоғары өтімді арнайы техникамен келген құтқарушылар жеті адамды жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болмады, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button