Зайсан ауданында 1996 жылы туған әйелдің жағдайы ауыр болғандықтан оны дер кезінде тасымалдау қажет болған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» қызметінің тікұшағы шұғыл медициналық көмек қажет болған науқасты Өскеменге жеткізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ми-8 әуе кемесімен ұшуды «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Евгений Гончаров пен Алишер Базарбаев жүзеге асырды. Санитарлық авиация дәрігерлері Рим Меңдібаев пен Татьяна Сергеева да осы рейске қатысып, қажетті көмек көрсетті.
– Мұндай шұғыл рейстер жоғары кәсіби дайындық пен нақты әрекетті талап етеді. Экипаж мүшелері мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті орындалып, науқас әйел уақытылы медициналық мекемеге жеткізілді, – ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.