Өскеменде келесі айдан бастап суық су тарифі көтерілетін болды


ЖАҢАЛЫҚТАР 26-06-2024, 12:01 0

1 шілдеден бастап «Өскемен Водоканал» қызметі қымбаттайды. Мекеме тарифті көтергеннен кейін тозған желілерді жаңартып, жұмысшылардың жалақысын көтермек екенін хабарлады.

«Инвестицияға айырбас тарифі» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаменті «Өскемен Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тарифтерді көтеру туралы өтінішін мақұлдады.

Кәсіпорын өкілдерінің хабарлауынша, облыс орталығында сумен жабдықтау тарифінің рейтингі Қазақстан бойынша 12-орында, ал кәріз жүйесі - 13-орында.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив