Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының маңында жаңадан 200 орындық лагерь салынады. Жаңа лагерде әртүрлі салада жетістікке жеткен және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар демалатын болады. «Қазақстандық Артек» лагерін салу идеясы өткен жылы айтылған болатын, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Шығыс Қазақстан облысы балалардың жыл бойы демалысын ұйымдастыру үшін бірегей табиғи мүмкіндіктерге ие өңір. Табиғаты бай өңірден жаңа лагерді салу Риддер қаласының маңы таңдалған. Біріншіден Риддер қаласы логисикалық тұрғыдан тиімді болса, екіншіден жыл бойы балаларды қабылдауға мүмкіндігі болған. Нақтырақ айтқанда әр өңірден келген балалар лагерьге пойызбен қауіпсіз жете алады. Сондай-ақ Риддерде жазғы ойын-сауық үшін орман мен өзен бар болса, қысқы демалыс үшін таудан шаңғымен сырғанау, тюбинг және т.б. мүмкіндіктер бар.
– Республикалық маңызы бар 200 орындық жыл бойғы лагерь Риддерден бес шақырым жерде салынады. Бұл жерді біріншіден керемет табиғат көрінісі бар. Бүгінде жоба жер учаскесін ресімдеу сатысында. Онда шамамен 12,4 га болады. Келесі кезең-ЖСҚ құрастыру және одан әрі-құрылыс, – деді ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.
Жаңа лагерь салыныда деп атңдалған жерде кеңес заманында пионерлер лагері болған екен. Бірақ барлық инфрақұрылымды жаңадан құруға тура келеді.
– Лагерь тек оқудағы үздік оқушылар үшін ғана болмайды. Әртүрлі салаларда ерекше жетістіктерге жеткен балалар, спортшы балалар, шығармашылық балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар лагерде демалатын болады. Белгілі бір ауысымдар және бағдарламалар болады. Екі тілде оқу және бос уақыт. Бұл лагерь тек демалыс базасы ғана емес, сонымен қатар жаңа білімнің негізі болуы керек. Балалар үшін демалыс тегін болады, – деді ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.