Өскеменде жасанды интеллектке арналған семинар өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 11:30 0

Oskemen Hub алаңында жасанды интеллектке арналған семинар өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Цифрландыру тек салалық даму емес – бұл бүкіл қоғамның басқару тетігін қайта қарап, халықпен өзара әрекеттесу мәдениетін жаңа деңгейге шығару жолы. Оқыту семинары осы өзгерістердің өңірлік деңгейдегі нақты қадамдарын айқындауға арналды. 

Семинар шеңберінде мемлекеттік қызметшілерге цифрлық экожүйелер мен интеллектуалды шешімдердің әлеуеті таныстырылып, заманауи технологияларды басқару тәжірибесіне енгізудің тетіктері талқыланды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ жанындағы Ақпараттық технологиялар орталығының жетекшісі, жасанды интеллекттің шешім қабылдау процестеріндегі маңызын атап өтті. 

– Бүгінгі таңда басқарушылық шешімдерді нақты дерекке сүйене отырып қабылдау – заман талабы. Жасанды интеллект осы бағытта маңызды құралға айналып отыр, – деді Руслан Четтыкбаев.

Семинар қатысушылары өңірлік басқарудағы заманауи трендтермен танысып, үлкен деректермен жұмыс, аналитикалық платформаларды қолдану және халықпен цифрлық байланыс тетіктерін жетілдіру мәселелерін жан-жақты талқылады.

– Бізге цифрлық шешімдерді ендіру ғана емес, оларды түсінікті, қолжетімді және тиімді ету қажет. Oskemen Hub – осы үдерістің катализаторы, – деді Oskemen Hub жетекшісі Дидар Мұратұлы.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив