Шығыстың оқушысы халықаралық олимпиаданың жүлдегері болды

ЖАҢАЛЫҚТАР 13-05-2025, 12:30 0

Өскемендік оқушы Бразилияның Белу-Оризонти қаласында өткен 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Қазақстандық оқушылар 40 ел қатысқан жарыста үздік нәтиже көрсетіп, 11 медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасы 2024-2025 оқу жылында химиядан республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған 10-11 (12) сынып оқушыларынан жасақталды. Команданың барлық мүшелері халықаралық турнирде жүлдегер атанды. Байқауда Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Меңдіғали Қалдыбай практикалық кезеңде ең жоғары ұпай жинап, «Award for the Best Score in the Practical Exam» арнайы сыйлығына ие болды.   

Күміс жүлде иеленгендер:  

– Данияр Базарбай (11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтөбе облысы);

– Меңдіғали Қалдыбай (10 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы); 

– Аңсар Жақсылықов (11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтөбе облысы);  

– Арен Теңізбаев (10 сынып оқушысы, №9 «Білім-Инновация» лицейі, Қызылорда облысы); 

– Санжар Қалиақбар (11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Қарағанды облысы); 

– Қали Әбілмансұр (10 сынып оқушысы, Назарбаева зияткерлік мектебі, Астана қаласы); 

– Райымбек Ғабдолла (11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы).

Қола жүлде иеленгендер: 

– Айзере Жеңісханова (10 сынып оқушысы, Назарбаев зияткерлік мектебі, Өскемен қаласы);

– Нұрқожа Умарбаев (11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы);

– Ярослава Кравчук (11 сынып оқушысы, №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі, Павлодар қаласы);  

– Алихан Серікұлы (11 сынып оқушысы, «Haileybury Almaty» мектебі, Алматы қаласы).

Команданың жетекшілері – Бахытжан Елдана және Азим Аманжолов.

Айта кетейік, Халықаралық Менделеев олимпиадасы Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 2025 жылдың 5-14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін химиядан Халықаралық олимпиадаға (IChO) дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив