Өскемендегі құс фабриканың арам суды далаға ағызғаны туралы видеоны әлеуметтік желіге тұрғындардың бірі жариялаған. Шығыс Қазақстан облысының Экология департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған видео негізінде терксеріс жүргізген, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Тұрғындардың бірі 27 сәуірде әлеуметтік желіге Өскемен құс фабрикасының маңындағы жол жиегіне қарай арам судың ағып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Өскемендік экологтар құс фабрикасы аумағында арам судың ағып жатқанын тексеріп, растаған.
– Жедел ден қою мақсатында біздің мамандар табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп осы жерге барды. Арам су ағызыылғаны расталды. Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша құқық бұзушыға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады, – деп хабарлады ШҚО Экология департаментінің баспасөзі.
Мамандар судың құрамында ластаушы заттардың бар-жоғын анықтау үшін су сынамаларын, топырақ сынамаларын алған.