Қытайдың Ұйғыр-Шыңжан өңірінде жүргенде ШҚО делегациясы Қарамай қаласындағы Қарамай кәсіби-техникалық институтының өкілдерімен кездесіп, бірлесе маман даярлау барысын талқылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Кездесу барысында тараптар білім беру, білікті кадрларды даярлау және бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Келіссөздердің нәтижесінде Қарамай кәсіби-техникалық институты мен Шығыс Қазақстан облысының бірқатар оқу орындары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Олардың қатарында ШҚО Білім басқармасының «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі», ШҚО Білім басқармасының «Риддер колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғарғы колледж мекемесі бар.
Мұндай меморандумға қол қойылуы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам және кәсіби білім беру мен кадрларды даярлау саласындағы жаңа мүмкіндіктерді ашу.
– Қарамай кәсіби-техникалық институтымен ынтымақтастық – бұл тек бастамасы. Бізде нақты жоспарларымыз бар және осы меморандумға қол қойылуы берік серіктестік қарым-қатынастарды қалыптастыруда маңызды элемент болады деп сенеміз. Бұл кәсіби білім беру мен кадрларды даярлау саласындағы өзара әрекеттестікті тереңдетуге бағытталған маңызды қадам», – деді Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің директор орынбасары Альмира Нұрғалиева.
«Риддер колледжі» КМҚК-ның оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директор орынбасары Ксения Сурнина стратегиялық маңызды бұл халықаралық кездесулер жобаның аясында серіктестік байланыстардың қарқынды нығаюына ықпал етіп, инновациялық білім беру тәжірибесі саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін берік негіз қалайтынын атап өтті. Кездесудің маңызды нәтижесі – меморандумға қол қойылуы, бұл өзара тиімді дамудың, сенімді нығайтудың, тең құқылы диалог пен елдер арасындағы мәдени әртүрлілікке терең құрметтің негізін қалайды.
Делегация жетекшісі Сымбат Рамазанов бұл кездесудің Шығыс Қазақстан өңіріндегі оқу орындары үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.
– Біз тек индустриялық парктермен танысып қана қоймай, білім беру ұйымдарының басшылығымен тікелей жүздесуге де мүмкіндік алып отырмыз. Бұл – кадрларды даярлау саласындағы нақты ынтымақтастық жолдарын талқылауға арналған маңызды сәт. Қазіргі таңда бұл тақырып өте өзекті, өйткені мамандарды сапалы даярлау — даму жолындағы шешуші фактор. Осындай кездесулер нақты әрі практикалық өзара әрекеттестіктің негізін қалайды, — деп атап өтті ол.