Тоқаев қазақстандық паспорттың беделі туралы айтты

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 13:00 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ХХХІV сессиясында тағы да қазақстандық төлқұжат туралы айтты.

«Көк паспортымыз ұлттық бірегейлігіміздің айқын нышанына айналды. Жыл өткен сайын төлқұжатымыздың абырой-беделі көтеріліп келеді. Бұл халықаралық қауымдастықтың бізге деген қызығушылығы артып, еліміздің ықпалы күшейе түскенін көрсетеді. Әр құрлықтағы түрлі мемлекеттің азаматтары тұрақты тұру немесе демалу үшін біздің елді жиі таңдайтын болды. Бұл – кездейсоқтық емес.

Қазақстан беделді халықаралық рейтингтердегі қауіпсіздік индексі бойынша айналамыздағы көптеген мемлекеттердің бәрінің дерлік алдында тұр. Ал заң үстемдігі индексіндегі "Тәртіп пен қауіпсіздік" көрсеткіші бойынша, 142 елдің ішінен 43 орынға табан тіреді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив