ШҚО-да тұрғын үй құрылысының қарқыны қандай?

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 14:30 0

2024 жылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы 239 мемлекеттік қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының  негізгі функционалдық бағытының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету. 

– Өткен жылы басқарма 239 мемлекеттік қызмет көрсетті, олардың ішінде: 11- лицензия жобалау жұмыстарына, 14 - лицензия іздестіру жүргізуге арналған, 89 - лицензия құрылыс-монтаждау жұмыстарына, 13-жобаларды басқаратын ұйымдарды аккредиттеу, 112-сарапшылар аттестаттаудан өтті, – дейді ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Самат  Қайырдинов. 

Құрылыс саласында мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімнің жұмысына жобалық, іздестіру және құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалаумен, жобалық сараптамамен және басқа да инженерлік қызметтермен айналысатын сарапшыларды аттестаттау кіреді. 

Басқарма лицензиялаудан басқа, сарапшыларды аттестаттау қызметін көрсетеді. 

– Аттестаттау сарапшылардың кәсіби даярлығы мен құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізіледі, –  деді Самат  Қайырдинов  өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.  

«Көпқабатты үйлер мен құрылыс нысандары уақыттылы аяқталмай жатады оған себеп неде?» деген журналистердің сауалына Самат  Қайырдинов жауап берді.

– Уақытылы бітпеу себебі құрылыс жұмыстары жеке меншік иесі бюджет есебінен емес өз қаражатынан салғандықтан біз олардың уақытылы салуын, салмауын қадағалай алмаймыз. Өйткені олар құрылыс жұмыстары бастауы туралы ғана хабарлама жібереді. Ол жерде құрылыстың басталуы және аяқталу мерзімін ғана көрсетеді. Заң талаптарына сәйкес, құрылыс салушы құрылыс жұмыстарын созуға құқығы бар. Уақытында салмаудың әртүрлі себептері бар. Біріншіден, ауа-райына байланысты, екіншіден қаражаттың болмауы, үшіншіден жұмыс жүргізудің дұрыс жоспарламауының себептеріне болуы мүмкін.  

Қазір Өскемен қаласында 53 тұрғын үй жеке меншік қаражат есебінен салынып жатыр, былтырғы жылы бюджет қаражаты есебінен салынған 12 тұрғын үйдің қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив