Жазғы лагерге жүз мыңға жуық оқушы барады

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 12:17 0

Биыл Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Алматы, Щучинск, Қонаев қалаларындағы және облыс аумағындағы лагерлерде демалады. Жалпы саны 93 мыңнан астам оқушы жазғы лагерге баратыны жоспарланған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Облыстық әкімдіктің кезекті отырысында биыл балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышова баяндады. 

– Жоспар бойынша 99,9% (93 564) оқушы жазғы демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамту шараларымен қамтылады, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 100% (9 056) қамтылмақ. Жазғы демалыс кезінде 11 қала сыртындағы лагерь (8 мемлекеттік және 3 жекеменшік) 8575 оқушыны қабылдайды; тамақпен қамтамасыз етілген 270 мектеп жанындағы лагерь – 23120 баланы қамтиды; 204 тамақсыз бейінді алаңдарда қосымша білім беру ұйымдары мен аула клубтарында үйірмелер, секциялар, экскурсиялар және басқа да іс-шаралар өткізіліп, 61 869 астам оқушы қамтылады, – деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышова. 

Сонымен қатар, балалар Алматы қаласындағы «Бөбек» және Щучинск пен Қонаев қалаларындағы «Балдәурен» ұлттық білім беру және сауықтыру орталықтарында демалады. Жаз мезгілінде 7-8 сынып оқушыларына арналған әскери-спорттық лагерь Самар ауданындағы «Балауса» лагерінің базасында жұмысын жалғастырады. 

Жазғы демалыс кезінде «Қонақжай отбасы» жобасы жалғасын табады. Биыл жоба географиясы 3 ауданның 5 елді мекеніне дейін кеңейіп, 62 отбасы тартылады, 140 бала қамтылады. Жоба балаларды қазақ тіліне толық тілдік ортада практикалық үйретуді көздейді.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив