Балабақша бухгалтері 12 миллион теңгені жымқырған


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-06-2024, 12:19 0

Шығыс Қазақстан облысындағы  “Катюша” балабақшасында бюджет қаржысы жымқырылғаны анықталды. Прокуратураның ақпараты бойынша, мекеменің есепшісі 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді есептеген.

Бухгалтер өз есепшотына барлығы 12 миллион теңгеден астам ақша аударған. 

“Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеді. Соттың осы жылғы 30 сәуірдегі үкімімен кінәлі тұлға тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп жымқырғаны үшін 3,6 жылға бас бостандығынан айырылып және өмір бойы лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды”, деп жазылған прокуратураның ақпаратында.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив