Жақсылық Омар ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болды

ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты Бүгін, 09:31 0

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Жақсылық Омар тағайындалды.

– Жақсылық Мұқашұлы – мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар маман. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі қызметін атқарды. Өңірдің барлық мәселесі мен тұрғындарының үміт-тілегі оған жақсы таныс. Жаңа, жауапты қызметінде де өзінің білімі мен күш-жігерін аямай жұмсайтынына сенімдімін, – деп жазды Шығыс Қазақстан әкімі Нұрымбет Сақтағанов өз парақшасына.

Жақсылық Мұқашұлы 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы - география пәнінің оқытушысы, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры.

Еңбек жолын ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Республикалық халықаралық мәдени бағдарламалар комитеті дирекциясының жетекші маманы болып бастады.

Әр жылдарда Мәдениет министрлігінде жетекші маман, бас маман, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРК дирекциясы директорының орынбасары, қоғамдық-саяси бөлімінің продюсері, «Арнамедиа» ҰАХ» АҚ бас менеджері, Парламент Мәжілісі аппараты баспасөз қызметінің сарапшысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2013 жылдың мамырынан 2016 жылдың қарашасына дейін ШҚО әкімінің орынбасары болды. 2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Ал 2018-2024 жылдар аралығында Өскемен қаласының әкімі болды. Бұл лауазымнан кейін ШҚО әкімнің кеңесші болып қызмет атқарды.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив