Катонқарағайда халықаралық фестиваль өтеді

ЖАҢАЛЫҚТАР 29-05-2025, 09:30 0

Алтай төрінде ашық аспан астында үш күнге ұласатын халықаралық фестиваль өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ауқымды іс-шара поэзия фестивалімен басталады. Өнер эстафетасын бұдан кейін халықаралық ақындар айтысы жалғайды. 

Сондай-ақ фестиваль аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыс болады. Open Air форматында өтетін ГАЛА концерт дүбірлі думанды түйіндейді.

«Бұл – өнер мен руханият, салт-дәстүр мен заманауи мәдениет тоғысқан бірегей шара», - дейді ұйымдастырушылар.

Халықаралық фестиваль Катонқарағай ауданында 13-15 маусым аралығында өтеді.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив