Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Зайсан ауданына келді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Сапар аясында облыс әкімі Зайсан ауданының халқымен кездесу өткізіп, Боқажанов көшесіндегі №5 салынып жатқан 30 пәтерлі тұрғын үйді және Үлкен-Қаратал ауылында бой көтеріп жатқан мектептің құрылысымен танысады.
Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы «ARNNA MINERALS» минералды су өндіру зауытына да барады.
Бүгін сондай-ақ Сәтпай елді мекеніндегі әуежай құрылысының барысы тексеріледі.