"Уақыт белдеуі адамдарға кері әсерін тигізген жоқ": Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді


ЖАҢАЛЫҚТАР 11-06-2024, 14:53 0

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңа уақыт белдеуіне шағымданып жатқандарға жауап берді. Министр қазіргі уақыт белдеуі "денсаулыққа кері әсерін тигізген жоқ деп айтуға негіз бар" дейді Bizdiң Өskemen сайтының тілшісі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

"Сағат белдеуі мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланды. Оған еліміздегі ғылыми орталықтар, физиология институты, Фесенков атындағы астрофизика институты атсалысты. Шешімді ғылыми негіздерге сүйене отырып шығарды. Сағат белдеуі өзгергеннен кейін емханаларға, ауруханаларға айтарлықтай көп түсіп жатқан науқас санын, басқасын байқап отырған жоқпыз. Денсаулыққа кері әсерін тигізген жоқ деп айтуға негіз бар. Бұл мәселені негізінен Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары көтеріп отыр. Денсаулыққа байланысты мәселе көріп тұрған жоқпын", – деді Әлназарова 11 маусымда.

7 маусымда бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияға қол қойғандар саны 50 мың адамға жетті. Сауда және интеграция министрлігі петицияны қарауға қабылдап алғанын, бұл процеске 40 күн кетеді деді.

Қазақстан биыл 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен. Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Костанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжытты.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив