Наурыз мерекесі қарсаңында Зайсан ауданының Айнабұлақ, Қаратал және Қарабұлақ ауылдық округтерінде көпбалалы және әлеуметтік осал санаттағы 14 отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды.
Қаратал ауылында өткен шараға Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы қатысып, 4 көпбалалы отбасыға үй кілтін табыстады.
— Әз-Наурыз – жақсылық пен жаңару мерекесі. Бүгін баспанаға ие болып отырған отбасылар үшін біз де қуаныштымыз. Жаңа үйлеріңіз берекеге толы болсын, — деді аудан әкімі.
Қайнар ауылында 2 көпбалалы отбасы, Қарабұлақ ауылында 8 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді.
Зайсан ауданында халықты әлеуметтік қолдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Мәселен, 2023 жылы ауданде 44 жаңа пәтер пайдалануға берілсе, 2024 жылы 68 баспана берілген. Биыл да бұл бағыттағы жұмыс бәсеңдеген жоқ.