Бұқтырма мен Өскемен су қоймасында жағдай қалай?

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 11:35 0

Фото: ҚР Үкіметі

Тасқын суды қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіліп жатыр. 

7 сәуірдегі жағдай:

Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.

Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 260 текше метр, Сілеті су қоймасынан 151,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 20 текше метр су жіберілуде.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 561 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 450 текше метр су жіберілуде.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 750 текше метр су жіберілуде.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр су жіберілуде.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 284,2 текше метр су жіберілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 1202,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 781 текше метр су жіберілуде.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив