Бүгіннен бастап «Оskemencard» жүйесінің жұмысы тоқтады. Сондай-ақ банк қосымшалары арқылы да жолақы төленбейді. Қоғамдық көліктерде жаңа бірыңғай төлем жүйесі – «ONAY!» іске қосылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«ONAY!» жүйесінің мобильді қосымшасы арқылы көлік картасына қаражат толтырып, балансты тексеріп отыруға болады. Көлік картасын жолаушылар кез келген банк картасын қосымшаға байлау арқылы толтыра алады.
Сондай-ақ мобильді қосымша арқылы автобус қозғалысын бақылауға мүмкіндік бар. Қазір өскемендіктер қоғамдық көліктердің қозғалысын жеке қосымша арқылы көреді.
««ONAY!»-да бағыттар туралы да толық мағлұмат бар. Бұл қаланы жатқа білмейтін жолаушылар үшін қолайлы.