Бабкина мельница ауданындағы жайлы мектеп қашан ашылады?

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 19:15 0

Өскемен әкімі Бабкина мельница ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Кездесуде жол, жарық және жылуға қатысты мәселелер көтерілді. Қала басшысы ұсыныстар назарға алынғанын, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асатынын жеткізді. Тұрғындар ауданда бой көтерген жайлы мектептің ашылуын асыға күтуде.

– Өздеріңіз көргендей, мектеп дайын. Қазір құжаттама мәселесі реттеліп жатыр. Облыс әкімі де бұл жұмыстарды 1 сәуірге дейін аяқтауды тапсырған. Сол кезді күтейік, – деді қала әкімі Алмат Ақышов.

Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс көп. Қала әкімдігінің де тиісті жоба-жоспары бар. Қызметке жуықта кіріскен әкім жағдайды сараптай келе, бюджет мүмкіндігіне қарай жобалар жүзеге асатынын жеткізді.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив