Министр ШҚО-да жұмыс уақытының өзгеруіне қатысты пікір білдірді

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 12:14 0

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында бірыңғай уақыт белдеуінің халық өміріне әсері жайлы зерттеудің нәтижесін жариялады.

Министрдің айтуынша, уақыт белдеуінің өзгеруі халықтың өмірінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері болмаған. 

«Өңірлерде талқылау барысында депутаттары жұмыс кестесін ауыстыру арқылы жұмыс уақытын оңтайландырып жатыр. Шығыс Қазақстанның бірқатар ауданында – Катонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Күршім, Тарбағатай, Зайсан, Самар ауданы тұрғындарының жұмыс кестесі таңғы 08:00-ден кешкі 05:30-ға дейін өзгертілді, – деді Арман Шаққалиев.

Министрдің айтуынша, Шығыс Қазақстандағы мұндай өзгерістер халыққа қолайлы жағдай жасауға, кәсіби және жеке өмірдегі тиімділікті арттыруға бағытталған. Осындай тәжірибені бірлесіп, басқа өңірлерде қолдануға мүмкіндік беріледі дейді ол.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив