ШҚО-да бірнеше көлік қар құрсауында қалды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 09:21 0

шартты сурет

Шығыс Қазақстанда демалыс күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше көлік жолда қалып қойды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Марқакөл-Қарой жолының 20-шы шақырымында жеңіл көлік қар құрсауында қалған. Құтқарушылар дереу жетіп, көліктегі екі адамды жақын маңдағы фермаға апарды.

Қарой ауылының маңында тағы бір жеңіл көлік жолдан шығып кеткен. Құтқарушылар екі ересек адам мен екі баланы жақын маңдағы елді мекенге жеткізді. 

Күршім ауданының Құйған ауылынан бес шақырым жерде екі адам жолда қалған. Құтқарушылар межелі жерге арнайы техникамен жетіп, көлікті таза жолға алып шықты.

Қар құрсауында қалған жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив