Шығыс Қазақстанда жазушы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай республикалық айтыс өтті.
Алманда он екі ақын бақ сынады. Облыс орталығындағы «Ертіс концерт» залына лық толған жұртшылық ақындарды ыстық ықыласқа бөледі. Ал айтыскерлердің өнеріне Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының басқарама төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман басшылық еткен қазылар алқасы баға берді.
Бас жүлде Шығыс елінде қалды. Өңір намыс қорғаған Серік Қуанған үздік өнер көрсетті. Бірінші орынды Абай облысының ақыны Рүстем Қайыртай, екінші орынды Аспанбек Шұғатай мен Иранғайып Күзембаев, үшінші орынды Біржан Байтуов пен Жансая Мусина еншіледі.