Шығыс Қазақстанда құтқарушылар оқу-жаттығуының екінші күні өтіп жатыр. Мамандар су тасқын кезіндегі іс-қимылды пысықтап, төтенше жағдай кезінде бірізді әрекет етуге машықтанып жатыр.
Бұған дейін су арналарын тазарту, қорғаныс бөгеттерін нығайту, қауіпті аумақтарды бақылауда ұстап, халықты хабардар ету секілді жұмыстар орындалды.
Кеңейтілген жедел штабта су тасқыны жағдайындағы жағдай бойынша жедел топ басшыларының, аудан әкімдіктері мен азаматтық қорғау қызметтері басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Облыста өтіп жатқан оқу-жаттығулар барысында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу және жеке үйлерді су басу шартты түрде орын алған Жетісу облысына көмек көрсету үшін теміржол платформаларына инженерлік техниканы тиеу пысықталды.
«Облыста жедел әрекет ету үшін су тасқыны қаупі төнген кезеңде жеке құрамның 2516 адамы, 240 мотопомпалар, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың 42 жүзу құралдары, сондай-ақ 940-тан астам техника топтастырылды», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, іс-шара қорытындысы бойынша оқу-жаттығуға толық талдау жүргізілді, авариялық-құтқару құралымдарының дайындығына баға берілді, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қызметін одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалды.