Әйелдер қауымына құрмет көрсетілді – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 7-03-2025, 13:30 0

Ел тарихында ұлы мұрат жолында ер азаматтармен қатар жүріп ерлік көрсеткен, қайсарлық пен ұлтжандылықтың үлгісіне айналған дана әйелдер аз емес. Күні кеше Отан үшін от кешкен арулардың есімі елдің жадында, тарихтың парағында алтын әріппен жазулы тұр.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің дамуына үлес қосып жүрген әйелдер қауымымен кездесіп, емен-жарқын әңгіме өрбітті. Олардың ғибратты ғұмыр жолы өскелең ұрпақ үлгі екенін жеткізді.

Аймақ басшысымен жүздескен нәзік жандардың қатарында аспаз да, пошташы да, машинашы мен тракторшы да бар.

– Бүгінде әйелдер құқығын қорғауға, отбасы құндылықтарын нығайтуға баса мән беріледі. Әйел, ана – отбасындағы берекені сақтап ғана қоймай, барлық қиындықты ер азаматтармен қатар еңсеріп келе жатқан қоғамның белсенді мүшесі. Сіздердің ел үшін, қоғам үшін орындарыңыз ерекше. Өңірдің дамуына қатысты маңызды тапсырмаларды сіздермен бірлесіп орындаймыз деп сенемін, – деді кездесуде Нұрымбет Сақтағанов.

Өңір басшысы жаны нәзік болса да, ерен еңбектің үлгісі болған әйелдер қауымына құрмет көрсетіп, марапат табыстады. Облыс әкімдігінде жиырмаға жуық нәзік жан алғысқа бөленді.

Кездесу соңында жасынан трактор жүргізіп Еңбек ері атанған, бүгінде сексеннің сеңгіріне шығып отырған Қазия апа Мусина облыс әкіміне ризашылығын білдіріп, баршаға ақ батасын берді.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив