Шығыс Қазақстан облысының тағы төрт ауданында – Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Самарда жаңа жұмыс кестесі енгізілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Енді бұл аудандарда жұмыс 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жаңа жұмыс кестесі тұрғындарға күндізгі уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Шешім жергілікті халықтың келісімінен кейін қабылданған. Әр ауданда өткізілген жиналыста тұрғындар бұл бастаманы қолдапты.
Біз бұған дейін Катонқарағай, Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарында жаңа жұмыс кестесі енгізілгенін хабарладық.