ШҚО-да тасқынға қарсы дайындық қызу жүріп жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР 3-03-2025, 17:17 0

Шығыс Қазақстанда су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде. Қауіпті аймақтарда мұз жару жұмыстары жүргізіліп, су өткізетін жүйелер тазартылып жатыр.

Шемонаиха ауданындағы Верх-Уба ауылы маңында мұздың қалыңдығы 60 сантиметрге дейін жеткендіктен, мамандар арнайы жарылыс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 10 692 шаршы метр аумақтағы мұз қабаты ойылды. Жұмысқа ТЖД қызметкерлері, құтқарушылар, «KazExploService» ЖШС мамандары және жергілікті билік өкілдері қатысты.

Глубокое ауданында да осындай шаралар жүргізілді. Глубочанка өзенінің сағасында 3 232 шаршы метр аумақта мұз қабаты бұзылды. 

Глубокое кентінде және Белоусовка, Прапорщиково, Уварова, Прогресс, Черемшанка ауылдарында да дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл елді мекендерде арық жүйелері тазартылып, жаңа су арналары қазылуда. Сондай-ақ су басу қаупі бар аймақтарға қажетті материалдар жеткізілуде.

Мұндай іс-шаралар су тасқынының салдарын барынша азайтуға бағытталған және төтенше жағдайлар қызметінің тұрақты бақылауында өтеді. Мамандар қажетті шараларды уақтылы қабылдау үшін мұз жағдайын бақылауды жалғастыруда.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив