Өскеменнің Меновное шағын ауданында автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Көліктің моторы, салоны отқа оранды. Жүргізуші көлікті дер кезінде тоқтатып, сыртқа шығып үлгерген», - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылар өртті сөндірді, зардап шеккендер жоқ. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.