ШҚО-да әлеуметтік нысандардың сапасы тексерілді


ЖАҢАЛЫҚТАР 17-02-2025, 17:05 0

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың сапасы тексерілді.

«AMANAT» партиясының өңірдегі филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Шемонаиха қаласында салынған жаңа 300 орындық жайлы мектепке барып, сынып бөлмелерін, спорт залын, АӘД кабинетін, асхананы, акт залын, еңбекке баулу және робототехника кабинеттерін аралап, балалардың ойын және даму бөлмелерінің жабдықталуын тексерді. Қазіргі уақытта құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

​Бұдан кейін комиссия мүшелері Волчанка елді мекеніне барып, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысын тексерді. Ғимараттың қабырғалары толық тұрғызылып, шатыр орнату жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда құрылыс алаңында бес маман жұмыс істеуде.

– Біз халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз етеміз. Шемонаиха ауданындағы мектеп құрылысы мен дәрігерлік амбулаторияның салыну барысы – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Сонымен қатар тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. Бақылауды әлі де жалғастырамыз», - деді комиссия төрағасы Мұхтар Төлеген.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив