ШҚО ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды


ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘР САЛА Кеше, 12:32 0

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ернұр Бурахан тағайындалды.

Ернұр Бурахан – тәжірибелі маман, журналистік қызметтен медиа менеджер деңгейіне дейін көтерілген. Төрт жоғары білімі бар.

Әр жылдары ШҚО әкімінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының баспасөз хатшысы, ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

«Aqtobe» аймақтық телекомпаниясының бас директоры және «Qazaq radiolary» ЖШС-нің бас директоры лауазымдарында қызмет еткен.

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив