Туризм саласында көрсетілген қызмет көлемі бір жылда 50%-ға артты - ШҚО


ЖАҢАЛЫҚТАР 19-12-2024, 17:30 0

Бүгін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі. 

– Еліміздің туризм саласында Шығыс Қазақстан облысының орны ерекше. Өңір әртүрлі ландшафттарымен және тарихи-мәдени мұрасымен ерекшеленеді, - дейді Ербол Мырзабосынов. 

Туризм және спорт министрінің айтуынша, ШҚО-да туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндік бар. Жалпы, облыста саланың негізгі көрсеткіштері бойынша қалыпты өсім байқалады. Орналастыру орындарында көрсетілген қызмет көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-ға өскен. 

Туризм саласына салынған инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 23%-ға артты. Биыл жалпы 3 жоба іске асырылды, сондай-ақ тағы 2 жоба аяқталуға жақын. 

– Туризмді дамыту бойынша жаңа бастамаларды іске асыру көзделген. Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту және салу бойынша жергілікті атқарушы органдарға өкілеттік беру, инвесторлардың шығынын өтеу, глэмпингтер мен қонақ үйлерді, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде объектілер салуды қолдау, орналастыру орындарын жіктеу және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты шаралар қолға алынады, - деді Ербол Мырзабосынов. 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив