Өскемендік балабақшалар білім бөлімінен 60 млн теңге өндіріп алды


ЖАҢАЛЫҚТАР 19-12-2024, 15:15 0

Фото: bugin.kz 

Өскемендік балабақшалар білім бөлімінен сот арқылы 60 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Жазда жекеменшік балабақшалар қабылдау жүйесіндегі блокқа байланысты балаларды өздеріне қабылдай алмай, ата-аналар арасында дүрбелең тудындаған.

Қолайсыз жағдай мектепке дейінгі мекемелерге де өз әсерін тигізген. Яғни балабақшалардың табысы мен педагогтердің жалақысы әр балаға жан басына шаққандағы қаржыландыруға байланысты болғандықтан мекемелер шығынға ұшыраған.

- Қалалық білім бөлімі өкілдерімен бірнеше рет кездесу өткізілгенімен еш нәтиже болмады. Сондықтан кәсіпкерлерге сотқа жүгінуге тура келді, - дейді ШҚО кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Осылайша, 18 балабақша қалалық білім бөлімін сотқа берді. ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының мәліметінше, сот процесі облыстық прокуратура мен ҚР Білім министрлігі өкілдерінің қатысуымен барынша ашық жүргізілді.

- Сот әлеуметтік саладағы кәсіпкерлерді қорғап, 60 млн теңгеден астам залалды өндіру талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарды, - делінген хабарламада.

 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив