ШҚО-да 186 спорт нысаны талапқа сай емес – министр


ЖАҢАЛЫҚТАР 19-12-2024, 14:20 0

Шығыс Қазақстан облысында 186 спорт нысаны талапқа сай емес. Бұл жөнінде өңірге жұмыс сапарымен келген Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Жалпы аймақта 1859 спорт нысаны жұмыс істейді. Министрдің айтуынша, осы нысандарға жаппай тексеру (инвентарицазия) жүргізілген. Нәтижеде нысандардың 10 пайызы (186) белгілі талаптарға сай болмай шықты.

 – Мәселен, жан басына шаққандағы қаржыландыруды тексеру кезінде заң бұзушылықтар анықталды. Қызмет көрсетушілер тегін секцияға баратын адамдардың кезегін іріктеусіз жасап отырған. Сондықтан дене шынықтыру және спорт басқармасына заңнамаға сәйкес міндетті түрде іріктеу жүргізу тапсырылды, – деді Ербол Мырзабосынов.

 

Сондай-ақ министр Шығыс өңіріндегі елді мекендерде спорттық инфрақұрылымды кеңейту жұмысы жалғасатынын атап өтті. Мамандар қазір модульдік үлгідегі жылдам салынатын нысандар жобасын қолға алып жатқан көрінеді.

– Биыл Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Осындай жобалар Марқакөл, Бозанбай, Таврия, Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында де іске асады, – деді туризм және спорт министрі.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив