Шығыстағы экология мәселесі әлі де шешімін таппай тұр. Бүгінде облыста 60 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын бар. Олар жыл сайын атмосфераға ондаған мың тонна ластаушы заттар шығарады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Айта кетейік, биыл кәсіпорындар үшін шығарындылардың лимиті 76,8 мың тонна болып белгіленген. Осы және басқа да экологиялық талаптарды сақтамаған ірі компаниялар жыл басынан бері 2,2 млрд теңге айыппұл арқалаған.
ШҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде кәсіпорындарға салынған айыппұл бойынша тек 186,6 млн теңге төленген.
— 2,1 млрд теңге әлі бюджетке түскен жоқ. Себебі айыппұлды өз еркімен төлеу мерзімі әлі аяқталмады. Түсе салысымен ақшаны өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға жұмсауды жоспарлап отырмыз, — дейді ШҚО Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Азамат Тәуірбеков.
Сарапшылардың айтуынша, айыппұлды уақтылы өндіріп алу қоршаған ортаны қорғау шараларын жеделдете түседі.