Облыс әкімі қала әкіміне тапсырма берді. Қоқыс өңдейтін зауыт салу


ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 14:49 0

Фото: diapazon.kz

Облыс әкімі Ермек Көшербаев Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышовқа қоқыс өңдейтін зауыт салынатын орынды анықтап, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі. 

-       Қаланың экологиялық жағдайы жақсы деп айтуға келмейді. Сондықтан қоқыс өртейтін емес, өңдейтін зауыт салу керек. Сондықтан табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен, экология департаментімен және басқа да жауапты бөлімдермен қоқыс өңдеу зауытын салу үшін инвесторларды тарту мәселесін пысықтауды тапсырамын, - деді Ермек Беделбайұлы. 

Аймақ басшысы өз сөзінде қалдықтарды қайта өңдеу — қоқысты жинау мәселесінің заманауи шешімі екенін атап өтті. 

-       Зауыт салынатын жер бойынша қалаға іргелес аудандардың басшылығымен сөйлесіңіз, - деді ол.


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив