Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев энергетиктерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
- Бүгін өздерінің кәсіби мерекесін энергетика саласының мамандары атап өтуде! Сіздердің кәсіби біліміңіз бен тәжірбилеріңіздің арқасында аймақтың жылу және энергетикалық жүйелері, әсіресе қыстың қақаған суығында, тұрақты жұмыс істейді. Жарық пен жылу – қазіргі заманның маңызды бөліктері. Осы мамандардың арқасында жерлестеріміздің үйлерінде жайлылық пен жылылық орнап, өңірдегі әлеуметтік мекемелер тоқтаусыз қызмет етіп, өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылып, инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Энергетик болу – бұл бүгінгі таңда құрметке ие, қиын да жауапкершілігі мол жұмыс. Сала ардагерлеріне ерекше алғыс білдіреміз. Сіздердің жетістіктеріңіз – бүгінгі энергетиканың негізі, ал жинаған тәжірибелеріңіз – жас мамандарды тәрбиелеуде үлкен көмек. Энергетиктердің жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және өз ісіне адалдығы үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің алдағы уақытта да барлық тапсырмаларды сәтті орындайтындарыңызға сенімдімін. Шығыс Қазақстан облысының энергетикалық жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз еткендеріңіз үшін рахмет! Сіздерге зор денсаулық, табыс, оптимизм, амандық, апатсыз жұмыс және бар жақсылықты тілеймін. Кәсіби мерекелеріңіз – Энергетиктер күні құтты болсын! - деді өңір басшысы.