Ұлан ауданы ШҚО-дағы туристік аймаққа айналып келеді


ЖАҢАЛЫҚТАР / АУДАНДАР / Басты 13-12-2024, 22:13 0


Биыл Ұлан ауданына 20 мыңнан астам турист келіпті. Бұл көрсеткіш былтырғы  жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Бұл туралы Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Қуат Оқасов ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.

- Туристік ағынның артуы инфрақұрылымның жақсаруымен және ерекше іс-шаралардың өткізілуімен байланысты. Солардың бірі – Қызылтас тауына шығу фестивалі «AltaiFest», оған 600-ден астам қатысушыны жиналды, - деп атап өтті Қуат Оқасов.

Ауданға келген қонақтар үшін өңірдің тарихы мен мәдениеті жайлы танысуға мүмкіндік беретін арнайы бағыттар жасалған:

- «Қызылтас - Қарасай» – ежелгі бекіністер мен петроглифтер;
- «Ақбауыр - Қоржынбай» – археологиялық кешен мен жұлдыз обсерваториясы;
- «Тоғанас - Аблайкит» – көлдер, шатқалдар және тарихи Аблайкит монастырі.


daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив