ШҚО ХҚКО-лары жарты миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді


ЖАҢАЛЫҚТАР 13-12-2024, 12:08 0

Жыл басынан бері өңірдегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) 513 698 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 300 мыңнан астамы өздігінен қызмет көрсету секторлары арқылы жүзеге асырылған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%-ға көп. Айта кету керек, қазір қызметтердің 95%-ын электронды форматта алуға болады. 

Еске салайық, Өскемен қаласындағы барлық ХҚКО-лар заманауи технологиялармен жаңартылған.

- Біз мемлекеттік қызметтерді алу процесін облыс тұрғындары үшін барынша ыңғайлы етуге тырысамыз. Заманауи технологиялар мен цифрлық жүйелер жоғары сапалы қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ филиалының директоры Азамат Есембулов.

Филиал директорының орынбасары Азамат Рахимжанов тұрғындардың электронды қызметтерді жиі таңдайтынын айтты. Биыл 300 мыңнан астам қызмет, соның ішінде көлік құралдарын қайта тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру, мобильді қосымшалар мен платформалар, яғни “eGovMobile” арқылы алынды.

Сондай-ақ автокөлік иелері арасында 80 мыңнан астам мемлекеттік қызмет арнайы ХҚКО-лар арқылы көрсетілген. 

- VIP нөмірлерге сұраныс артты. Биыл облыс тұрғындары 396 VIP нөмір сатып алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Нөмірлердің құны олардың комбинациясына байланысты 57-ден 285 МРП-ға дейін, – деді Азамат Рахимжанов.

Автокөлік сатылған жағдайда, көлік иелері өздерінің VIP нөмірлерін арнайы ХҚКО-да алты айға дейін сақтауға мүмкіндік алады.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив