25 қазан Республика күніне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар жұма күні жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
– 26 қазан кезекші ХҚКО мен кезекші мамандандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні болып саналады. Мемлекеттік қызметтерді сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін алуға болады, - делінген «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.