13 желтоқсан күні сағат 16:30-да Борис Александров атындағы спорт сарайында қазақстандық хоккей жұлдыздары Роман Старченко, Вадим Краснослободцев, Максим Худяков, Федор Полищук, Дмитрий Дударев, Николай Заржицкий, Алексей Бондарев, Виталий Колесник, Вадим Рифельдің қатысуымен «Ұрпақтар шайқасы» жаңа жылдық хоккей матчы өтеді. Сондай-ақ турнирге Өскемен қаласы «Торпедо» және Алтай ауданының жасөспірімдер командалары қатысады.
13 желтоқсан күні сағат 16:30-дан 18:20-ға дейін - шығыс кіреберісінің фойесінде, қолтаңба қою отырысы өтеді. Сағат 19:00-де - матч басталады, үзіліс кезінде ұтыс ойындары, мәнерлеп сырғанаушылардың өнер көрсетуі және мұз үстіндегі хоккей фристайлы өтеді.
Матч аяқталғаннан кейін барлығы мұз айдынына шығып, матчқа қатысушылармен суретке түсе алады.
Кіру ақылы - 500 теңге, 15 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.