Алтайда «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары ант қабылдады

ЖАҢАЛЫҚТАР 11-12-2024, 14:04 0

Алтай қаласындағы С.Нұрмағамбетов атындағы орта мектебінде әскери-патриоттық тәрбиеге бағытталған «Жас сарбаз» сыныбы дәстүрлі түрде жаңа мүшелерді қабылдады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Салтанатты шара барысында оқушылар өз елінің патриоты болуға ат берді. 

Алтай қаласындағы «Жас сарбаз» сыныбы халықаралық және облыстық жарыстарда топ жарған. Қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері атағына үміткер атанған 25 оқушысы бар. Облыстық «Айбын» әскери жарысының үш дүркін жеңімпазы. 2016 жылдан бері «Жас ұлан» жарысының тұрақты чемпиондары.

– «Жас сарбаз» сыныбына қабылданған жастардың мақсаты – тәртіп пен жауапкершілікті меңгеріп, ел патриоты болу.  Бұл сынып болашақта әскери қызметті таңдайтын жастарды тәрбиелеуге көмектесуде. Біздің түлектеріміздің арасында әскери қызметті таңдайтындар аз емес.  «Жас сарбаз» сыныбы оқушыларға саптық дайындық, тәртіп, патриотизм және көшбасшылық қасиеттерді  қалыптастыруға көмектеседі. Мұндай ант қабылдау шарасы жас буынның бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін ұялатады, – дедіШҚО “Жас Сарбаз” қозғалысының төреғасы Даурен Шоматов.

Алтайлық жас сарбаздардың ант қабылдау шарасы мерекелік концертпен аяқталды.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив