Биыл Самар ауданында 44 отбасы баспаналы болады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Жалпы облыс бойынша 2024 жылы 1441 отбасын тұрғын үймен қамту жоспарланған. Самар ауданында көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбаслар үшін 44 пәтер сатып алынуға тиіс. "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша мұнда қоспәтерлі 3 үй салынып жатыр.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов өңірде аталмыш бағдарлама бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің бір бөлігін денсаулық сақтау саласының мамандарына беру жағы қарастырылғанын атап өтті. Самарда аталмыш сала бойынша маман тапшылығы бар.
— Сондықтан аудан басшылығына дәрігер мамандарды тартуды тапсырамын, — деді Нұрымбет Сақтағанов.