Фото: egemen.kz
Өскеменде «Туған жер — алтын бесігім» жобасы аясында Глубокое ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
13 желтоқсан күні сағат 16:00-де облыстық филармония ғимаратында (Протозанов көшесі, 43) суретшілер мен қолөнершілердің туындыларын паш ететін көрме ашылады.
18:00-де – концерт. Глубокое ауданының өнерпаздары және шығармашылық ұжымдары вокалдық, аспаптық және хореографиялық нөмірлерін паш етеді. Сондай-ақ шаhар тұрғындары үшін Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлауға әзір.
14 желтоқсан күні сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін «Шығыс Алтай» көтерме-тарату орталығында (Жібек жолы, 6) ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ашылады. Дәл осы жерде әртүрлі байқау және спорттық жарыстар өтеді.