ШҚО әкімі өңір жастарымен кездесті

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-12-2024, 15:38 0

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев үлкен жетістікке жеткен, өз белсенділігімен көзге түскен жас дарындармен кездесті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Кездесу барысында өңір басшысы облыста жыл ішінде атқарылған шаралар, қолға алынып жатқан іргелі жобалар туралы айтып берді. Сондай-ақ шара қатысушыларының әрқайсымен жеңе сөйлесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. 
-    Бұл жерде кәсіпорын жастары, креативті, шығармашыл жастар мен еріктілер бас қосты. Кездесу барысында түрлі мәселелер көтеріліп, жыл көлемінде атқарылған жұмыстар пысықталады. Мемлекет басшының бастамасымен өңір-өңірде жалғасын тапқан “Таза Қазақстан” акциясының қорытындысы, жұмысшы жастар мәселесі мен жастар арасындағы проблемалар төңірегінде әңгіме қозғалды, - дейді деді облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбеков.
Шара соңында бес аталым бойынша “ШҚО әкімінің мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін” сыйлығы мен жұмысшы жастар арасында ұйымдастырылған “Қайратты жастар” фестивалінің жеңімпаздары марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды. Марапатталғандар қатарында ШҚО ТЖД Шемонаиха қаласы №28 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Думан Кенжебеков бар. Ол қазан айында Усть-Таловка кентінде болған өрттен 10 адам, оның ішінде 6 баланы құтқарып қалған. 
-    Бұл жалғыз менің еңбегім емес, 4 адамнан тұратын құтқарушылар тобы тұрғын үйден шыққан өрттен 10 адамды құтқарып қалдық. Біздің басты міндетіміз – адам өмірін құтқару. Ол үшін арнайы дайындықтан да өткенбіз. Сондықтан өрт оқиғалары кезінде тілсіз жауды ауыздықтауға және құтқару жұмыстарына қатысамыз, - деді Думан Кенжебеков.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив